"Елді әлемдік көшбасшы ететін қозғаушы күш — бұл оның азаматтары", деген қағидаға сүйенетін CEOWORLD Magazine сарапшылары жыл сайын адам прогресінің рейтинг түзейді (Human Progress Index, HPI). Бұл — өмір сапасы, өмір сүру ұзақтығы, білім, саяси тұрақтылық, жан басына шаққандағы табыс және жұмысы мен өміріне қанағаттану тұрғысындағы факторларды талдай отырып, жасалатын елдердің өмір сүру сапасы бойынша рейтингі. Бұл көрсеткіштер неғұрлым жоғары болса, индекстегі балл да соғұрлым жоғары болады. 2024 жылғы HPI мәліметтері бойынша өмір сүру сапасы бойынша әлемдегі ең мықты ел Швейцария болып саналады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Одан кейін Норвегия мен Исландия тұр, ал Дания мен Германия сәйкесінше алтыншы және жетінші орынға орныққан", делінген рейтинг сипаттамасында.
Үздік ондыққа Ирландия, Сингапур және Австралия сынды елдер де кіреді. Өмір сүру сапасы мықты елдердің ұпайлары — 100 балдың 97,9 (Швейцария), 95,78 (Австралия) аралығын қамтиды.
Бірден 72-орынға дейінгілер халқының өмір сүру деңгейі "өте жоғары" деп бағаланады. Мәселен, 78,97 баллмен 72-орында Беларусь тұрса, одан 78,6 баллмен бір саты төмен тұрған Болгария енді "өте жоғары" емес, "жоғары" деңгейдегі мемлекетке жатады.
"Жоғары" өмір сүру деңгейіне ие 120 елдің тізімін Белиз түйіндейді, оның еншісінде - 67,87 ұпай. Бұл мәннен төмендегілер – халқының өмір сүру деңгейі "орташа" деп бағаланады: Венесуэла, Марокко, Боливия және т.б. Бұл тізімде соңғысы болып Зимбабве (161-орын, 54,72 ұпай) тұр.
"Төмен" өмір сүру деңгейіндегі мемлекеттер санатын Нигерия бастайды: 162-орын, 54,69 ұпай. Одан кейін Руанда (163), Того (164) және Пәкістан (165) тұр. Бұл тізімді Сомали түйіндейді (196 -орын, 45,09 ұпай).
79,32 ұпайға ие Қазақстан аталған рейтингіде 70-орынға орныққан. Біздің елімізден жоғарыда Черногория, Ресей, Грузия, Тринидад және Тобаго сияқты елдер бар. Ал төменімізде Қытай (77 орын), Армения (78), Әзірбайжан (92), Түрікменстан (96), Украина (102), Өзбекстан (108), Қырғызстан (119), Тәжікстан (128) тұр.
Рейтингті анықтау да үшін CEOWORLD журналының зерттеушілері 196 елді үш негізгі санат бойынша талдап, салыстырды:
- тұрақтылық,
- қанағат,
- тепе-теңдік.
Бұл өлшемдерді бағалау үшін үш санаттың біріне жататын 23 көрсеткіш қарастырылды. Әрбір атрибут 100 балдық шкала бойынша бағаланды. Мысалы, тұрақтылыққа экономикалық өсім, салық мөлшерлемелері, орташа өмір сүру ұзақтығы, табыс пен шығыстар, баспана жағдайлары және т. б. кірді. Қанағатқа қауіпсіздік, бақыт деңгейі, сыбайлас жемқорлықты қабылдау, бала мен ана өлімі, көлік, білім беру және денсаулық сақтау жатады. Тепе-теңдікке - адам құқықтары, жыныстардың теңдігі, экологияға қамқорлық және т. б.