Қазақстанда бала табу көрсеткіші күрт азайды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
2025 жылы Қазақстанда 77 мыңнан аса бала дүниеге келді. Мұндай деректерді Бірінші кредиттік бюро жариялады.
Ведомство мәліметінше, бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 16 пайызға аз. Ал 2014 жылдың бірінші тоқсанынан бастап салыстырсақ, бұл - тіпті төмен көрсеткіш.
Сонымен қатар, 2025 жылы туу көрсеткіші елдің барлық аймағында төмендегені байқалып отыр. Ең төмен көрсеткіштер Ақмола облысы мен Жетісу облысында тіркелген: минус 22 пайыз және минус 20,1 пайыз.
Жылдың ең жоғары мәні әдетте үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша шығарылады, сол кезеңдегі ең жоғары туу көрсеткіші 2020 және 2021 жылдары тіркелген.
Ауылдағы статистика да төмен: минус 18,1.
Жалпы туу коэффициенті де төмендеп кеткен: қазіргі жағдай - 15,39, 2024 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда минус 2,94.