Инфляцияның ең жоғары деңгейі Қазақстанның қай өңірінде тіркелді

Кәмшат Тілеухан 17 янв. 2025 10:16 363

Желтоқсанда елде жылдық инфляция жеделдеп, 8,6% болды (қарашада – 8,4%). Жылдық инфляция 10 өңірде жеделдеді, 9 өңірде баяулап, 1 өңірде өзгеріссіз қалды, деп жазады Dalanews.kz ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.    

Реттеуші орган мәліметінше, жылдық инфляцияның ең жоғары мәні Астана қаласында тіркелді.

Желтоқсанда азық-түлік тауарларының бағасы ж/ж 5,5%-ға дейін жеделдеді  (қарашада – 5,4%). Осы топтағы тауарлар бағасында максималды өсім Жетісу облысында (7,9%), минималды өсім Түркістан облысында (3,0%) тіркелді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны ж/ж 8,3%-ға дейін үдеді (қарашада – 8,0%). Ең жоғары мән Түркістан облысында (13,2%), ең төменгі мән Павлодар облысында (5,3%) тіркелді.

Желтоқсанда ақылы қызметтер бағасы ж/ж 13,3% болып бұрынғы деңгейде сақталды (қарашада – 13,3%). Сонымен қатар баға Астана қаласында (16,9%) жалпы республикалық деңгейден біршама жоғары, Түркістан облысында (9,5%) өсім айтарлықтай төмен болды.

Желтоқсанда еліміз бойынша айлық инфляция 0,9%-ға өсті, бұл – бұрынғы орташа мәнінен жоғары (2017-2021 жылдардағы желтоқсанда – 0,7%).

Сондай-ақ аталған тақырыпқа орай бүгін сайтымызда "Мемлекеттік мекемелер азық-түлікті бірнеше пайыз жоғары бағамен сатып алып келген" деген мақала жарияланды.


Рекомендовать
Последние новости