Алматының бір ауданы түгел газсыз қалған

Көркем Алдабергенова 17 янв. 2025 14:56 427

Алматының Түрксіб ауданындағы газ құбырының жарылуына байланысты полиция тергеу амалдарын бастады. Қазіргі таңда газ құбыры қалпына келтірілген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматының Түрксіб ауданындағы кәріз құбырларын өз бетінше төсеу барысында бүлінген орташа қысымды жерасты газ құбыры коммуналдық қызметтің жедел іс-қимылының арқасында қалпына келтірілді. Ол «У Асимы» мекемесіне кәріз құбырларын өз бетінше тарту барысында зақымданған.

Жеке тұлғалар қалалық қызметтердің келісімінсіз түнде асфальтты тесіп, газ құбырын зақымдаған. Әуесқой әрі жауапсыз әрекеттердің салдарынан бірнеше қазандықтың жұмысы тоқтатылды.

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның 150 жұмысшысы мен 6 техника бірлігі жұмылдырылды. Тұтынушылардың бір бөлігін үздіксіз жылумен қамтамасыз ету мақсатында «АТКЭ» ЖШС-нің «Әуежай» қазандығы мәжбүрлі түрде резервтік отын – мазутқа ауыстырылды. 

Сағат 14:00-дегі жағдай бойынша газ құбырындағы ақау жойылды. Мамандар жүйеге қысым сынағын жүргізеді, содан кейін тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әрбір үйге барып, газды кезең-кезеңімен қосу жұмыстарын жүргізеді. 

Алматының қала құрылысы бақылау басқармасы бұл факт бойынша жоспардан тыс тексеру жұмыстарын бастады. Соның нәтижесінде әкімшілік шаралар қабылданып, заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріледі.

Сонымен қатар, бұзушылық салдарын жоюға кеткен барлық шығын кінәлі тұлғаға жүктеледі.


Рекомендовать
Последние новости