Қазақстанда 2026 жылдың қаңтар-ақпан айларында азық-түлік өндірісі айтарлықтай өсім байқалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, екі айда өндіріс көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,9%-ға артып, 665,1 млрд теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш жоспарланған 4,3% өсімнен едәуір жоғары.
Ведомство дерегіне сүйенсек, өсім азық-түлік тауарларының негізгі санаттарының басым бөлігінде тіркелген.
Әсіресе, сары май өндірісі айтарлықтай артқан - 56,5%-ға өсіп, 8,1 мың тоннаға жеткен. Сонымен қатар ірімшік пен сүзбе өндірісі 39,2%-ға, қант және шоколад негізіндегі кондитерлік өнімдер 21,4%-ға, ал жарма өндірісі 20,8%-ға ұлғайған.
Сондай-ақ ет консервілері өндірісі 12,9%-ға артқан. Ірі қара, шошқа, қой, ешкі және жылқы етін өндіру көлемі 6,9%-ға өссе, шұжық өнімдері 6%-ға көбейген. Өсім өсімдік майы өндірісінде де байқалады - 12,3%.
Өңделген және консервіленген жеміс-көкөніс өндірісі 13,4%-ға артқан. Сүт өнімдері бойынша да оң динамика бар: өңделген сүт - 1,6%, қышқыл сүт өнімдері - 3,5%-ға өскен.
Ұн өндірісі 11,9%-ға, ұннан жасалған кондитерлік өнімдер 5,2%-ға, макарон өнімдері 8,1%-ға артқан. Ұзақ сақталатын кондитерлік өнімдер 9,2%-ға, ал қысқа мерзімді өнімдер 3,8%-ға өскен.
Сонымен қатар, сусындар өндірісі де оң нәтиже көрсеткен. Екі айда бұл сектор 10,2%-ға өсіп, 175,4 млрд теңгеге жеткен. Табиғи көлемде алкогольсіз сусындар өндірісі 43,7%-ға күрт артып, 564,3 млн литрді құраған. Былтыр бұл көрсеткіш 392,7 млн литр болған.
