Тоқаев бірқатар елшілікте өзгеріс жасады

Сағыныш Сардарова 13 апр. 2026 16:12

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елшілікте өзгеріс жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

  • Асет Жеңісұлы Исенали Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
  • Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Мьянма Одағы Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Одан бөлек, Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрғали Алмасбайұлы Арыстанов Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove