Перизат Қайратқа тиесілі болған Mercedes полицияға берілді

Сағыныш Сардарова 13 апр. 2026 15:58

Бұрын Перизат Қайратқа тиесілі болған әрі аукционға шығарылған қымбат Mercedes көлігі Астана қаласының полициясына берілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Елорданың Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті мәліметінше, мүлік сатылымға шығарылмас бұрын алдымен мемлекеттік заңды тұлғаларға веб портал арқылы ұсынылады. 

Перизат Қайраттың көлігіне қатысты шешімде сатуға емес, мемлекеттік органға беруге басымдық берілген. 2026 жылғы 7 сәуірдегі хаттамаға сәйкес өтініштерді қарау қорытындысы бойынша жеңімпаз ретінде Астана қалалық Полиция департаменті анықталған.

Енді 15 жұмыс күні ішінде тиісті құжаттар рәсімделіп, мүлік ведомствоның балансына өткізіледі.

Осылайша Mercedes-Benz S 450 елордалық полицияның қарамағына өтпек.

Айта кетейік, бұған дейін Перизат Қайраттың Mercedes көлігі мемлекет меншігіне өткенін жаздық. 

Еске салайық, бұған дейін Перизат Қайрат орташа қауіпсіздік мекемесінде 10 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ал анасы Ғайни Алашбаева 7 жылға сотталған болатын.

Сонымен қатар, бұған дейін "Перизат Қайрат колонияда немен айналысады?" деген сауалға ішкі істер вице-министрі Абай Қайырбеков жауап берді. Ол Перизат Қайраттың жұмысқа орналасуы оның біліктілігі мен бос орындар болуына қарай шешілетінін мәлімдеді. 

Жуырда Перизат Қайрат түрме тазалап жүргенін жаздық.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove