Жазасын өтеп жатқан Перизат Қайрат колонияда жұмыс істеп жүр. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ведомство мәліметінше, ол мекеме ішінде еңбекке тартылған.
"Сотталған адам мекемеде жұмысқа орналастырылып, қызметтік бөлмелерді тазалаумен айналысып жүр", - деді комитет өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Перизат Қайрат орташа қауіпсіздік мекемесінде 10 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ал анасы Ғайни Алашбаева 7 жылға сотталған болатын.
Сонымен қатар, бұған дейін "Перизат Қайрат колонияда немен айналысады?" деген сауалға ішкі істер вице-министрі Абай Қайырбеков жауап берді. Ол Перизат Қайраттың жұмысқа орналасуы оның біліктілігі мен бос орындар болуына қарай шешілетінін мәлімдеді.