Перизат Қайратқа қатысты апелляция шешімі шықты

Перизат Қайратқа қатысты апелляция шешімі шықты
Коллаж: Dalanews.kz

Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты апелляция шешімі шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Апелляциялық сот Перизат Қайрат ісі бойынша үкімді өзгеріссіз қалдырды. 

Еске сала кетейік, 11 тамызда адвокат Арман Давлетьяров Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның мүддесін қорғап, апелляциялық шағым түсірген болатын. Ол үкімді жойып, қорғауындағы адамдарды қылмыс құрамының жоқтығына байланысты ақтауды сұрады.

Бұған дейін Перизат Қайрат орташа қауіпсіздік мекемесінде 10 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ал Ғайни Алашбаева 7 жылға сотталған.