Перизат Қайратқа тиесілі болған Mercedes-Benz автокөлігі мемлекет меншігіне өтті, деп хабарлайды Dala News.
Мәліметке сәйкес, қара түсті Mercedes-Benz S450 2024 жылы шығарылған көлік аукционға қойылған. Мемлекеттік нөмірі – 777KPK01.
Автокөліктің бастапқы бағасы 79,4 млн теңге болған. Алайда көлік мемлекеттік ұйымның балансына 0 теңгеге берілген.
Қазіргі таңда аталған көлік мемлекеттік қажеттіліктер үшін пайдаланылатыны айтылды.
Айта кетейік, бұған дейін Перизат Қайрат ісі аясында тәркіленген құны 79 млн теңгеден асатын Lexus LX600 автокөлігі Қаржылық мониторинг агенттігінің балансына берілген болатын.
Тергеу деректеріне сәйкес, аталған мүліктер қайырымдылық ретінде жиналған қаражатты жымқыру және жылыстату ісіне байланысты тәркіленген. Кей активтер айыпталушының туыстарының атына рәсімделген.
Басқа тәркіленген активтердің тағдыры әзірге анықталған жоқ.
