Астанадағы трагедия: өртсөндірушілердің жолын бөгеген көліктің иесі жауапқа тартылды
Сағыныш Сардарова13 апр. 2026 17:00
Астанада полиция "Көркем-3" тұрғын үй кешенінде болған өрт кезінде арнайы қызметтердің өтуіне кедергі келтірген көлік иесін жазалады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Полицияның мәліметінше, ережені бұза отырып қойылған көлік оқиға орнынан дереу алып тасталған.
"Жүргізуші анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін және жедел қызметтердің жұмысына кедергі келтіретін әрекеттер қатаң түрде тоқтатылады", - деді Астана ПД өкілдері Tengrinews.kz-ке.
Айта кетейік, өрт 12 сәуірге қараған түні Астанадағы Түркістан көшесіндегі 21 қабатты үйдің 15-қабатындағы пәтерде болған. Пәтерден үш баланың мәйіті табылды. Күйік алған әйел құтқарылып, ауруханаға жеткізілді. Жоғарғы қабаттардан 20 адам эвакуацияланды, тағы 40-қа жуық тұрғын өз бетімен сыртқа шыққан.
Өрт дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, сараптамалар тағайындалды.