Астанада үш баланың өмірін қиған өрт: аман қалған әйелдің жағдайы қалай?

Сағыныш Сардарова 13 сәу. 2026 12:46

Астанадағы "Көркем-3" тұрғын үй кешеніндегі өрттен зардап шеккен әйелдің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы "Көркем-3" тұрғын үй кешенінде болған өрттен зардап шеккен әйелдің жағдайы туралы мәлімет берді. 12 сәуірде болған қайғылы оқиғадан үш бала қаза тапты.

Ведомство мәліметінше, әйел көпсалалы қалалық №1 ауруханаға жеткізілген. Қазір ол жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

Өрт 12 сәуірге қараған түні Астанадағы Түркістан көшесіндегі 21 қабатты үйдің 15-қабатындағы пәтерде болған. Пәтерден үш баланың мәйіті табылды. Күйік алған әйел құтқарылып, ауруханаға жеткізілді. Жоғарғы қабаттардан 20 адам эвакуацияланды, тағы 40-қа жуық тұрғын өз бетімен сыртқа шыққан.

Өрт дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, сараптамалар тағайындалды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove