Қарағандыда ойын алаңындағы жанжал: ер адам балаға шабуыл жасады

Қаракөз Амантай 13 апр. 2026 14:32

Қарағандыда ер адам ойын алаңында кәмелетке толмаған балаға шабуыл жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оқиға 12 сәуір күні Трудовая көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған.

Куәгерлердің айтуынша, алдымен балалар арасында жанжал туындаған. Кейін олардың бірі ата-анасына хабарласқаннан кейін ойын алаңына ер адам келген. Ол өзге баланы тұншықтырып, кейін қатты сілкілей бастаған. Салдарынан бала жерге құлап, дем ала алмай қалған.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл жайт құқық қорғау органдарына әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында белгілі болған.

Қазіргі уақытта жанжалға қатысқан барлық азамат анықталып, полиция бөліміне жеткізілген.

Аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша оқиғаға қатысушылардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беріледі.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove