Полиция Қайсар Қамзаға ұқсайтын блогерді Вьетнамда ұстағанын хабарлады

Самал Асқар 13 апр. 2026 19:12

Қазақстан ІІМ Интерпол арналары арқылы Вьетнамда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікпен іздеуде болған блогерді ұстады, деп хабарлайды Dala News.

Ведомство мәліметінше, күдікті Социалистік Вьетнам Республикасының Камрань қаласында жергілікті құқық қорғау органдарымен бірлескен операция барысында қолға түскен.

Тергеу деректеріне сәйкес, блогер әлеуметтік желілерде онлайн-казиноны жарнамалап, пайдаланушыларды құмар ойындарға жүйелі түрде тартқан.

Нәтижесінде ол 100 млн теңгеден астам көлемде заңсыз табыс тапқаны айтылды. Қаражат оның атына тіркелген криптовалюталық әмиянға аударылып отырған.

Қазіргі уақытта күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.

ІІМ мәліметінше, шетелге қашу қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды.

«Іздеуде жүрген әрбір адам анықталып, ұсталып, Қазақстанға жеткізіледі. Бұл – уақыт мәселесі», – деп атап өтті ведомство.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove