АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның әскери-теңіз күштері толық жойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dala News.
Оның айтуынша, теңіздегі операциялар нәтижесінде Иран флотының 158 кемесі жойылған.
Сонымен қатар Трамп Иранның «жылдам шабуыл жасайтын шағын қайықтары» әдейі нысанаға алынбағанын айтты.
«Біз оларды елеулі қауіп деп санамадық», – деді ол.
АҚШ басшысы кез келген күдікті қозғалысқа қатысты қатаң ескерту жасады.
«Егер бұл қайықтардың бірі біздің блокадаға жақындаса, ол бірден жойылады. Біз есірткі тасымалдаушыларға қарсы қолданатын жүйені пайдаланамыз. Бұл – тез және қатал», – деді Трамп.
Сондай-ақ ол теңіз арқылы АҚШ-қа келетін есірткінің 98,2%-ы тоқтатылғанын мәлімдеді.
Трамптың бұл мәлімдемесі АҚШ пен Иран арасындағы шиеленістің күшейген тұсында айтылып отыр.
