Елордада тағы да өрт шықты

Самал Асқар 13 апр. 2026 21:47

Астанада Нұра ауданындағы Күлтегін көшесінде орналасқан 10 қабатты тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды Dala News.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт электр қалқанынан басталған.

Оқиға орнына алғашқы бөлімшелер келген кезде подъезде қою түтін байқалған.

Өрт сөндірушілер жедел түрде өрт сөндіру оқпандарын беріп, тілсіз жауды толық жою бойынша жұмыстар жүргізуде. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілген.

Қазіргі уақытта тұрғындарды эвакуациялау жүргізіліп жатыр.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер туралы ақпарат 112 қызметіне түспеген.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove