Ақша айырбас орындарына қатысты енгізілмек шектеу - Ұлттық банк басшысының пікірі

Кәмшат Тілеухан 17 янв. 2025 14:39 383

2025 жылы 17 қаңтарда арнайы брифинг барысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ақша айырбас орындары үшін валютаны сатып алу мен сату арасында белгіленген шекке қатысты түсініктеме берді. Ол бұл өзгеріске қатысты шешім әлі қабылданбағанын, ұсынылған түзетулер әлі де талқы сатысында екенін баса атап өтті, деп жазады Dalanews.kz.


"Иә, біз осындай шектеуді белгілеуді жоспарлап отырмыз. Естеріңізге сала кетейін, бұл норма 2023 жылға дейін қолданылып келген. 2023 жылы бағам аз да көп те болса, тұрақтанғаннан кейін Ұлттық Банк осы тармақты шектеу жөніндегі норманың қолданысын ұзартпау туралы шешім қабылдады. Бірақ қазір біз, өкінішке қарай, жаһандық нарықтардағы ауытқушылықтың үлкен екенін және біздің еліміздің валюта нарығында да сондай құбылыстар барын көріп отырмыз. Сондықтан біз бұл аралық шекті қайта бекіту қажет деген қорытындыға келдік", – деді Сүлейменов Ұлттық банктегі брифингте.

Ол аралық шек барлығына қатысты болатынын атап өтті, сондықтан бұл мәселеде реттеуші орган бәсекелестікке нұқсан келтірілмейді. Қазақстанда 2 мың ақша айырбас орындары жаңа ережелер бойынша бірдей жұмыс істей бастайды.

"Көлеңкелі нарыққа қатысты мәселелерге келетін болсақ, жоқ, осы 7 теңге болатын аралық шек ақша айырбас орындарының өз операциялық қызметін қамтамасыз етуі үшін жеткілікті, бірақ сонымен бірге шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін қосымша құбылмалылық тудырмауы үшін де жеткілікті", – деп сөзін қорытындылайды Сүлейменов.

Айта кетсек, 14 қаңтарда Ұлттық Банк ақша айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы қаулы жобасын жариялады. Оған сәйкес, шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегі АҚШ доллары үшін – 7 теңге, евро үшін – 10 теңге дейін белгілеу ұсынылады.


Рекомендовать
Последние новости