Тараз қаласының тұрғыны автокөлігіне құлаған ағаш үшін әкімдіктен 550 мың теңге өндіріп алды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ағаш құлағанда үш көлікке зақым келген. Алайда екі көлік иесі шағымданудан бас тартқан – олардың көліктері айтарлықтай бүлінбеген. Ал үшінші жүргізуші ТҮКШ бөліміне қарсы талап арыз берген.
«Көлік иесінің шағымына жауап ретінде жауапкер бюджеттен залалды өтеуге қаржы қарастырылмағанын мәлімдеген. Алайда сот жол жиегінде тұрған ағашқа жауапты коммуналдық мекеме екенін анықтады», – делінген хабарламада.
Сот талап арызды толық қанағаттандырды. Әкімдіктен материалдық шығын мен сот шығындарын өтеу ретінде барлығы 550 мың теңге өндіріп алынды.
Сот шешімі заңды күшіне енді.