Қазақстандық банктер биылғы алты айда 1,6 трлн теңге табыс тапты

Кәмшат Тілеухан 20 авг. 2025 15:50

Қазақстандық банктер 2025 жылдың алғашқы алты айында (қаңтар–шілде) 1,6 трлн теңге табыс тапты. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 18,1%-ға немесе 252,5 млрд теңгеге көп. Бұл статистиканы Ұлттық банк ұсынды, деп хабарлайды Dalanews.kz

Шілде айында қазақстандық банктердің таза пайдасы 262 млрд теңгеге жетіп, жыл басынан бергі ең жоғары көрсеткішті танытты. Ал ол өткен жылдың шілдесімен салыстырғанда 13%-ға (30 млрд теңгеге) жоғары.

Жалпы, жыл басынан бері отандық банктердің тапқан таза пайдасы мынандай:

  • қаңтарда – 228,4 млрд теңге,
  • ақпанда – 220,3 млрд теңге,
  • наурызда – 215,1 млрд теңге,
  • сәуірде – 240,5 млрд теңге,
  • мамырда – 238,6 млрд теңге,
  • маусымда – 235,7 млрд теңге.

Әр банкке қатысты егжей-тегжей есеп-қисап Ұлттық Банк ай соңында жарияланатынын нақтылайды.

2025 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша, Қазақстанның банк секторында 22 екінші деңгейлі банк, оның 14-і шетелдіктердің қатысуымен жұмыс істеуде, онда да 10-ы еншілес болып табылады. Қазақстандағы банктердің меншікті капиталы 10 трлн теңгеге жетіп қалды.


Рекомендовать
Последние новости