Қазақстандағы банктердің меншікті капиталы 10 трлн теңгеге жетіп қалды

Кәмшат Тілеухан 14 там. 2025 12:22

2025 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша Қазақстанның банк секторында 22 екінші деңгейлі банк, оның 14-і шетелдіктердің қатысуымен жұмыс істеуде, онда да 10-ы еншілес болып табылады, деп жазады Dalanews.kz Ranking.kz порталына сілтеме жасап.

ForteBank еліміздің ірі ЕДБ арасында меншікті капиталының өсімі бойынша көш бастап тұр: + 4,2% (немесе + 19 млрд теңге). Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 472,1 млрд теңгеге жеткен. Екінші орында Freedom Bank: + 3,9% - ға (немесе 7,3 млрд теңгеге), 197,4 млрд теңгеге дейін өсім болды. Үздік үштікті Halyk Bank түйіндейді: +  3,7%, 3,2 трлн теңгеге дейін. Өз капиталының өсімі бойынша ЕДБ-нің алғашқы бестігіне Отбасы Банкі мен Home CREDIT Bank те кіреді.

Меншікті капитал - банктердің сенімділігі мен тұрақтылығының негізгі көрсеткіштерінің бірі. Ол қаржы ұйымдарының сыртқы күйзелістерге төтеп беру, өтімділікті сақтау және салымшылардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету қабілетін бағалауда маңызды рөл атқарады.

Капитал өсімі банктердің экономиканы несиелеу, операциялар спектрін кеңейту және тұрақты даму қабілетінің артқанын көрсетеді. Реттеуші орган үшін бұл сектордың қаржылық тұрақтылық пен жетілуге қарай жылжуын танытады.

Ұзақ мерзімді динамикада Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталы сенімді өсімді танытуды жалғастыруда: соңғы жылы ол 21,7%- ға, ал соңғы бес жылда екі еседен астамға өсті.

ҚНРДА мәліметтері бойынша, 2025 жылдың шілдесінде банк секторы меншікті капиталдың айтарлықтай қорына ие. Негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (k1) 19,5%, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (k2) 21,0% құрайды. Бұл көрсеткіштер заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі, бұл банктерге әлеуетті тәуекелдерді тиімді жабуға және нарықтық құбылмалылық жағдайында тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді.

Бұған дейін сайтымызда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қадағалап стресс-тестілеу (ҚСТ) нәтижелері бойынша алғаш рет банктер капиталының жеткіліктілігіне буферлерді қолданғанын жазғанбыз. Сондай-ақ бізден "Қаржыгер-маман дабыл қақты: Банктер рахатқа бөленуде, елдегі капитал тоқтаусыз сыртқа ағылуда" деген мақаланы да оқи отырыңыздар.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар