Утиль алымнан түскен 8,5 млрд теңге қоршаған ортаны қорғау саласына бөлінді

Кәмшат Тілеухан 20 авг. 2025 15:20

Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау шаралары күшейтіліп жатыр. "Жасыл даму" АҚ ормандарды қорғау және жануарлар дүниесін қорғау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын дамыту жобаларын 8,5 млрд теңгеден астам сомаға қаржыландырды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

6,19 млрд теңгеден астам қаржы орман өрттерін ерте анықтау жүйесін сатып алуға бағытталды. Қаражат "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ арқылы бөлінді. Заманауи бағдарламалық-аппараттық кешен Ақмола облысы, Астана қаласы, Қостанай облысындағы орман шаруашылықтары мен мемлекеттік табиғи қорықтарға берілді. 

Жүйе ормандардың жағдайын тұрақты бақылауға және өрт ошақтарын жедел анықтауға арналған. Ұйым өкілдерінің айтуынша, бұл технологияны енгізу өрт қауіпті маусымда орман және дала өрттерінен келетін залалды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, кәдеге жарату алымы қаражаты есебінен "Жасыл даму" АҚ табиғатты қорғау құрылымдарының материалдық-техникалық базасын дамытуға 2,41 млрд теңге бөлді.

Қаражат техникалық регламентте белгіленген экологиялық талаптарға сай отандық техниканы сатып алуға жұмсалды. Тізімге толық жетекті жол талғамайтын көліктер, өткізгіштігі жоғары жүк автомобильдері (оның ішінде рефрижератор-тушевоздар), сондай-ақ тіркемелі жабдықтары бар дөңгелекті тракторлар кірді. Барлық техника жануарлар дүниесін қорғау, көбейту және пайдалану жұмыстарымен айналысатын арнайы ұйымдарға берілді.

Бұған дейін сайтымызда "ҚҚС мөлшерлемесін арттыруға қарсымыз! Бизнес қауымдастық петиция жобасын әзірлеп жатыр" деген мақала шыққан. "Елімізде қосымша құн салығын өсіру көзделіп отыр. сарапшылар қауымы бұған неге қарсы" деген мақаламен де таныса отырыңыздар.


Рекомендовать
Последние новости