Шекарадағы кептелісті азайту үшін жаңа тұрақтар салынады

Қаракөз Амантай 13 апр. 2026 10:25

Қазақстандағы шекара бекеттеріндегі ұзын-сонар кезек пен кептелісті азайту үшін өткізу пункттерінің алдында арнайы күту аймақтары мен автотұрақтар салынады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Көлік министрлігінің мәліметінше, жаңа жобада шекара маңында кемінде 200 жүк көлігіне арналған тұрақ орындары қарастырылады. Бұл аймақтар көлік ағынын реттеп, жүргізушілерге қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Министрлік сервис аймақтарын ұйымдастыруға арналған арнайы талаптар әзірлеген. Жоспарлау барысында жердің орналасуы, шекара бекетінің өткізу мүмкіндігі, көлік қозғалысының қарқыны, жер бедері мен ауа райы ескерілмек.

Жобаға сәйкес, күту аймақтары бірнеше бөліктен тұрады. Онда жүк және жеңіл көліктерге арналған бөлек тұрақ орындары, электронды кезек жүйесі, жүргізушілерге қызмет көрсету орындары, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен операторларға арналған әкімшілік бөлімдер орналастырылады.

Бұдан бөлек, аумақтар көлік нөмірін автоматты түрде тану жүйесімен, бақылау құрылғыларымен, интернет және байланыс желісімен жабдықталады.

Министрлік бұл бастама шекарадағы кептелісті азайтып, көлік қозғалысын жүйелеуге мүмкіндік береді деп отыр.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove