Алматы облысындағы тау-кен компаниясы IPO өткізеді

Кәмшат Тілеухан 20 авг. 2025 16:20

Гонконгтағы Jiaxin International Resources Investment компаниясы өзінің Алматы облысындағы Бұғыты кен орнында вольфрам өндіретін Қазақстандағы еншілесі - Жетісу вольфрам ЖШС арқылы AIX-те IPO-ға қатысуға өтінімдер (букбилдинг) қабылдайтынын жариялады. Бұған дейін AIX сайтында акциялар шығарылғалы жатқаны хабарланған, деп жазады Dalanews.kz.

Сонымен қатар компания өз акцияларын бір мезетте Гонконг қор биржасына да орналастырады, деп жазады Finmentor.kz.

Өтінім беру кезеңі 2025 жылғы 20-25 тамыз аралығында өтеді. Бұл - 2024 жылғы ақпанда Air Astana акциялары орналастырылғаннан кейінгі Қазақстанда өтіп жатқан алғашқы IPO.

Jiaxin өзінің капиталдандыруын 607.5 миллион долларға бағалады.

Ал бүгін вольфрам өндірушісі Jiaxin акциялар шығарылымын тағы бір мәрте жариялап, оның индикативті бағасын атады: 9.93 юань (~745 теңге немесе бір акция үшін  1.38 доллар).

IPO мәмілесінің құрылымы:

  • IPO-ға дейінгі акциялардың ағымдағы саны - 11 765 дана;
  • IPO алдында ыдыраудан кейінгісі — 329 420 мың акция;
  • IPO үшін қосымша шығарылым - 109 808.8 мың акция, оның ішінде:
  • 10 981.2 мың акция — Гонконг қор биржасында,
  • 98 827.6 мың акция — халықаралық нарықтарда (АҚШ-ты қоспағанда), оның ішінде AIX-тегі 1 317.6 мың акцияны қоса алғанда.

Халықаралық ұсыныс үшін сегіз қытайлық инвестбанкпен андеррайтингтік келісімдер жасалды. SkyBridge Finance және СІСС AIX-те жазба жүргізеді.

Нәтижесінде акциялардың жалпы саны - 439 228.8 мың дана, free float — 25% құрайды. Бір акция үшін 1.38 доллар деген баға белгіленді. Компанияның нарықтық капиталдандыруы 607.5 млн долларға жетті. Бұл - Air Astana мен ҚазТрансОйлға қарағанда көп, бірақ KEGOC-қа қарағанда аз көлем. Бүгін Jiaxin IPO аясында AIX-те букбилдинг басталды.

Бұған дейін сайтымызда "Сарапшы KASE-дегі дивиденттері бойынша көшбасшы компанияларды атады" деген мақала жарияланған болатын.


Рекомендовать
Последние новости