Абай облысында 10 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

Көркем Алдабергенова 20 авг. 2025 13:51

Абай облысында 10 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жаңасемей ауданының прокуратурасымен жер заңнамасы талаптарының сақталуына жүргізілген талдау нәтижесінде жер ресурстарын басқару саласында бірқатар заңбұзушылықтар анықталды.

Жер кодексіне сәйкес, жер учаскелері азаматтарға және заңды тұлғаларға жалға берiлуi мүмкін. Алайда, жалпы ауданы 10 мың гектардан асатын, құны 263 млн теңгеден жоғары болатын 13 жер учаскесі бойынша жалдау шарттарының мерзімі 2024 жылы аяқталғаны анықталды.

Соған қарамастан, уәкілетті орган осы учаскелерді алып қою және оларды мемлекет меншігіне қайтару шараларын қабылдамаған. Бұл әрекет қолданыстағы заңнаманың бұзылуына жатады.

Тек аудан прокуратурасының тексерісінен кейін ғана көрсетілген жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде өз қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.


Рекомендовать
Последние новости