Алматы облысында білім басқармасының басшысы Салтанат Баспаева мен ішкі саясат басқармасының басшысы Ерік Әбит қызметінен босатылды. Шенділерді лауазымынан айыру туралы шешім Бағанашылдағы жетім балаларды балалар үйінің мәжбүрлеп шығаруға байланысты қоғамдық резонанс тудырған оқиғадан кейін қабылданып отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Салтанат Баспаева аталған лауазымын 2022 жылдың маусым айынан бастап атқарып келеді. Оған дейін ол Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бастығы болып жұмыс істеген. Ал Ерік Әбітов 2024 жылдың сәуір айынан бастап ішкі саясат басқармасына басшылық етеді. Оған дейін ол "Есікгеосәулет" КМК директоры және облыстық мәслихаттың депутаты болған.
Айта кетсек, 2025 жылдың көктемінде Алматы қаласының билігі "Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілерін Қонаев қаласына көшіру туралы шешім қабылдағандарын мәлімдеді. Бұған ғимараттың ескіруі түрткі деген себепті де алға келтірді. Балаларға жаңа орын алдын-ала дайындалып қойылғаны да айтылды. Алайда, балалардың айтуынша, айдаладағы нысанда, тіпті таза су да болмаған. Оқушылардың өздері көшуге қарсылық танытты.
Соған қарамастан 21 шілдеде "Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаевқа көшіру басталды, оның арты үлкен даумен тынғаны белгілі. Желіде мәжбүрлі көшіру кезінде түсірілген видео жарияланған кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл процесті тоқтатып, ал балалар үйінің ғимаратын жөндеуді тапсырды. Қазір Президент Әкімшілігі қызметтік тергеу шараларын жүргізуде.
Күні кеше Алматы қаласының әкімдігі балалар үйінің тәрбиеленушілері өз орнында қалдырылып, Алматыда оқуларын жалғастыратынын мәлімдеді. Ал балалар үйінің ғимаратына жаңғырту жұмыстары келесі жылы қолға алынатын болды.
"Балаларды бөліп-жармаймыз. Тәрбиеленушілер Алматыда қай мектептерде оқып жүр, сол білім ордаларында оқуын жалғасатын болады. Балалардың Қонаев қаласына көшіру қарастырылмайды", делінген әкімдік хабарламасында.