Алматының полиция департаменті әл-Фараби даңғылындағы жол апатына кінәлі күдіктінің көлігі қайда екенін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қала тұрғындары күдіктіге тиесілі көлікті Алматыдағы айыптұрақтардың бірінен байқаған.
Алматы қалалық полиция департаменті Tengrinews.kz-ке берген мәліметінде, апаттан кейін көлік арнайы айыптұраққа жеткізілгенін хабарлады. Ведомство мәліметінше, автокөлік оқиға рәсімделген сәттен бері сол жерде тұр.
Еске салайық, қайғылы оқиға 21 наурызда Алматыда әл-Фараби даңғылында болды. Жол апаты салдарынан үш адам көз жұмды.