Жаңа реализм: мұнай өндіру құласа да, Қазақстан экономикасы өскен

Сағыныш Сардарова 14 апр. 2026 14:09

Сарапшы Айбар Олжайдың пікірінше, Қазақстан экономикасы құрылымдық өзгерістердің жаңа кезеңіне өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, биыл бірінші тоқсанда Теңіздегі апат пен КҚК жүйесіне жасалған шабуылдар салдарынан мұнай өндіру 19,8%-ға, газ өндіру 15,1%-ға қысқарған. Соның әсерінен тау-кен секторы 11,4%-ға төмендеген. Дәстүрлі көзқарас бойынша мұндай жағдайда экономика да құлдырауы керек еді. Алайда керісінше осы кезеңде ішкі жалпы өнім 3% өсім көрсеткен.

Айбар Олжай мұны экономиканың жаңа бағытқа бет бұруымен байланысты деп түсіндірді. Қазір өсім мұнай саласына емес, өңдеу өнеркәсібі, көлік, құрылыс, сауда және қызмет көрсету бағыттарына байланысты болып отыр. Бұл ішкі секторлар күшейгенін және экономиканың сыртқы қысымдарға төзімді бола бастағанын көрсетеді.

Сарапшы ұзақмерзімді үрдіске назар аударып, кейінгі он жылда мұнай секторының үлесі айтарлықтай азайғанын атап өтті. 2010 жылы бұл көрсеткіш 16,5% болса, 2024 жылы 8,1%-ға дейін түскен. Ал өңдеу өнеркәсібі 12,7%-ға жетіп, екінші жыл қатарынан тау-кен секторынан алға шықты. Оның пікірінше, бұл елде жаңа экономикалық модель қалыптасып жатқанын білдіреді.

Айбар Олжай екінші тоқсанда өсім қарқыны күшейетінін айтады. Себебі бірінші тоқсандағы 3% өсімге енді мұнай факторы қосылады. Мұнай өндіру қалпына келіп, CPC Blend пен KEBCO бағасы да өскен.

Сөз аяғында сарапшы "2026 жылы экономикалық өсім 5%-дан төмен болмайды" деген болжам жасап отыр.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove