Жантүршігерлік жағдай: мектепте атыс болып, 16 адам зардап шекті

Сағыныш Сардарова 14 апр. 2026 15:37

Түркияның Шанлыурфа провинциясындағы Сиверек ауданында Ахмет Коюнджу атындағы кәсіптік-техникалық анатолиялық училищеде қарулы шабуыл жасалды. Алдын ала мәліметке сәйкес тосын оқиғаны осы оқу орнының бұрынғы оқушысы ұйымдастырған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

14 сәуірде таңертең мылтықпен қаруланған күдікті оқу орнының ауласына кіріп, бей-берекет оқ атқан. Кейін ғимарат ішіне өтіп, оқушылар мен мұғалімдерге бағыттап атысты жалғастырған. Кейбір оқушылар терезеден секіріп қашуға тырысқан. Қауіпсіздік күштері мектепті жедел эвакуациялады.

Шанлыурфа губернаторы Хасан Шылдактың мәліметінше, оқиға салдарынан 16 адам зардап шеккен. Олардың арасында 10 студент, 4 мұғалім, бір полицей және асхана қызметкері бар. Қаза тапқандар жоқ.

Губернатордың айтуынша, күдікті бұл мектепте тек 9-сыныпта оқыған, кейін "ашық орта мектеп" бағдарламасына ауыстырылған.

Билік өкілдерінің мәліметінше, полиция операциясы басталған кезде ол өз-өзіне қол жұмсаған.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove