Алматыда бір күнге ыстық су өшіріледі

Самал Асқар 14 апр. 2026 14:56

Алматының Бостандық ауданында бірқатар тұрғын үйлер мен ғимараттарда ыстық су уақытша өшіріледі, деп хабарлайды Dala News.

Мәліметке сәйкес, 2026 жылғы 16 сәуірде сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін ыстық су берілмейді.

Шектеу Масанчи, Сәтбаев, Сейфуллин, Тимирязев, Байзақов көшелері, сондай-ақ Бұқар жырау бульвары мен Хамит Ерғалиев жағалауы, Байтұрсынов және Абай даңғылдары қиылыстары аумағындағы нысандарды қамтиды.

Уақытша өшіру жылу желілерін жаңғырту жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетіні айтылды.

Тиісті қызмет өкілдері тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрады.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove