Шымкентте жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған көлік кортежі тоқтатылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қозғалыс барысында жүргізушілер қарсы бағытқа шығу, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өту, кері бағытта қозғалу және өзге де қауіпті маневрлер жасау арқылы қозғалыстың өзге қатысушыларына қауіп төндірген.

"Бейнебақылау жүйелері мен полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде барлық көлік анықталып, құқықбұзушылықтар тоқтатылды. Барлық жүргізуші жауапкершілікке тартылды. 12 көлік айыптұраққа қойылды. Екі құқықбұзушыға қатысты әкімшілік қамау шарасы қолданылды", - деді полиция. ️
Полиция жолда мұндай қауіпті әрекеттерге жол берілмейтінін ескертті.
