Оралда 274 келі заңсыз балық тәркіленді

Самал Асқар 14 апр. 2026 19:57

Оралда полицейлер 274 келі балықты заңсыз тасымалдау фактісін анықтады, деп хабарлайды Dala News.

Полиция мәліметінше, Hyundai Elantra автокөлігі тоқтатылған.

Тексеру кезінде көлік салоны мен жүксалғышынан мөңке, көксерке және сазан секілді көп мөлшердегі балық табылған.

Жүргізушіде балықты тасымалдауға қатысты ешқандай рұқсат құжаттары болмаған. Тәркіленген өнімнің жалпы салмағы шамамен 274 келіні құраған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Полиция су биоресурстарының заңсыз айналымы үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

 


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove