АҚШ-та Израиль мен Ливан келіссөздері басталды

Самал Асқар 14 апр. 2026 20:42

АҚШ-та Израиль, Ливан және АҚШ арасында үшжақты келіссөздер өтіп жатыр, деп хабарлайды Dala News.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио бұл кездесуді «тарихи мүмкіндік» деп атады.

Оның айтуынша, келіссөздер аймақта ұзақ жылдар бойы сақталып келген шиеленісті реттеуге бағытталған.

«Бұл – 20–30 жылға созылған ықпалдан толық арылуға мүмкіндік», – деді Рубио.

Сонымен қатар ол мәселенің күрделі екенін атап өтті.

«Біз ондаған жыл бойы жиналған проблемалармен бетпе-бет келіп отырмыз. Барлық мәселені бірнеше сағатта шешу мүмкін емес, бірақ алға жылжуды бастауға болады», – деді ол.

Келіссөздер Таяу Шығыстағы тұрақсыздық жағдайында өтіп жатыр және сарапшылар оны өңірдегі ықпал үшін маңызды қадам деп бағалап отыр.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove