Жанбыршин блогерге билет алып бергені талқыға түсті

Самал Асқат 14 апр. 2026 14:06

Мәжіліс депутаты Еділ Жанбыршин мен блогер Дамиля Танкибаева арасындағы жазбалар әлеуметтік желілерде қызу талқылануда, деп хабарлайды Dala News.

Желіде тараған скриншоттарға сәйкес, депутат блогерді Маңғыстау облысына бірге баруға шақырып, жол шығыны мен тұру мәселесін өз мойнына алатынын айтқан.

Хабарламада Жанбыршин келесі аптада өңірге баратынын, сайлаушылармен кездесіп, бірқатар мәселелерді бірге талқылауды ұсынғаны көрсетілген. Сондай-ақ сапар Жаңаөзеннен басталып, иттер талап кеткен баланың отбасына бару жоспарланғаны айтылған.

Өз кезегінде блогер бұл ұсынысты қабылдағанын жазып, кейін әуе билеттерін алғанын хабарлаған. Скринде Kaspi қосымшасы арқылы 110 мың теңге аударылғаны көрінеді, төлем сипаттамасында «әуе билеттері үшін» деп көрсетілген.

Бұл жағдай желі қолданушылары арасында пікірталас тудырып, кейбірі депутаттың блогер сапарын қаржыландыруына қатысты сұрақтар қойды.

Қазіргі уақытта ресми түсініктеме жарияланған жоқ.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove