Қазақстанда мұнай өндіру шамамен 20%-ға төмендеді

Сағыныш Сардарова 14 апр. 2026 12:52

2026 жылғы қаңтар-наурыз айларында Қазақстанда мұнай өндіру 19,8%-ға азайып, 19,7 млн тоннаға жетті. Бұл туралы Үкімет отырысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Энергетика министрлігінің дерегінше, үш айда мұнай экспорты 15,3 млн тоннаға жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 78,5% деңгейінде қалған. 2026 жылға арналған экспорт болжамы - 76 млн тонна.

Министр мұнай-газ саласындағы ахуалды КҚК және Теңіздегі жағдаймен байланыстырды.

ОПЕК бағалауынша, Қазақстан Теңіз кен орнында өндіріс қайта қалпына келгеннен кейін ОПЕК+ келісімі аясындағы шектеулерді сақтай алмай отыр.

Ұйым мәліметіне сәйкес 2026 жылғы наурызда тәуліктік мұнай өндіру көлемі 1,733 млн баррельге жеткен. Ақпанда бұл көрсеткіш 1,482 млн баррель болған. Ал белгіленген шек - тәулігіне 1,569 млн баррель.

Сонымен қатар, Қарашығанақта шикі газды кері айдауға арналған алтыншы компрессорды іске қосу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл жылына 10-11 млн тонна деңгейінде мұнай өндіруді сақтауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, ірі жер қойнауын пайдаланушылармен мұнай өндіруді арттыру шаралары бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove