Түркістан облысында оқушылар сабақ үстінде карта ойнаған

Қаракөз Амантай 14 апр. 2026 13:21

Түркістан облысында сабақ кезінде карта ойнаған оқушылардың видеосы әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Informburo мәліметінше, оқиға Сарыағаш ауданындағы Мұқағали Мақатаев атындағы мектепте тіркелген. Видеода 11-сынып оқушыларының сынып ішінде топтасып карта ойнап отырғаны, ал өзге оқушылардың шулап жүргені байқалады.

Кадрдан алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі тәртіпке араласпай, телефонмен сөйлесіп отырғаны көрінеді.

Оқиғаға байланысты оқушылардың ата-аналарына ескерту жасалған. Ал сыныптағы жағдайға бақылау жасамаған педагог өз еркімен жұмыстан кеткен.

Белгілі болғандай, мұғалімнің білім саласындағы еңбек өтілі – 13 жыл.

Жауапты органдар аталған жайтқа байланысты қызметтік тексеріс басталғанын мәлімдеді. Тексеру қорытындысы бойынша мектеп басшысына да шара қолданылуы мүмкін.

"Бұл жағдай білім беру жүйесіне қойылатын талаптарға қайшы келеді. Қазіргі уақытта жауапты тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Кінәлі лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік және заңда көзделген өзге де шаралар қабылданады", – деп хабарлады жауаптылар.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove