Сот отырысы барысында айыпталушылардың адвокаты Гаухар Айтжанова қорғауындағы Эльмира Төлегеновадан кінәсін толық немесе жартылай мойындайтынын айтты. Блогер өз кінәсін ішінара, яғни тек заңсыз кәсіпкерлік бойынша ғана мойындайтынын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оның сөзінше, бұл мәселе әкімшілік сотта қаралған кезде-ақ мойындауға дайын болған, алайда сол сәтте істің қылмыстық сипат алатынына сенбеген. Қазір Төлегенова заң бұзылғанын түсінетінін және жауапкершілік алуға дайын екенін жеткізді.
Сонымен қатар ол Қылмыстық кодекстің 218-бабы, яғни қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыру (ақшаны жылыстату) бойынша тағылған айыппен келіспейтінін айтты. Оның пікірінше, бұл бап айыпты ауырлату үшін қосылған болуы мүмкін.
Төлегенованың жұбайы Ерболат Жанәбілов та заңсыз кәсіпкерлік бойынша кінәсін мойындады. Алайда ол да қылмыстық табысты заңдастыру айыбын жоққа шығарып отыр.
