Ақмола облысында бала терезеден құлап мерт болды

Сағыныш Сардарова 14 апр. 2026 11:27

Ақмола облысы Степногорск қаласында бала терезеден құлап қаза тапты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

13 сәуірде 2020 жылы туған бала тұрғын үйдің алтыншы қабатынан құлап кеткен. Ол ауыр хәлде ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Қайғылы оқиғаға байланысты тергеу басталып, барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, биыл Ақмола облысында балалардың терезеден құлауына қатысты бес жағдай тіркелген. Полиция мұндай оқиғалар күн жылыған кезде жиілейтінін айтты.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove