“Ел экономикасына кері әсер етуі мүмкін”. Әбішев мұнай бағасының қымбаттауына қатысты пікір білдірді

Қаракөз Амантай 14 апр. 2026 11:31

Саясаттанушы Ғазиз Әбішев мұнай бағасының қымбаттауы Қазақстан үшін әрдайым тиімді бола бермейтінін айтты. Оның пікірінше, қара алтын құнының өсуі қысқа мерзімде бюджет кірісін арттырғанымен, ұзақ мерзімде ел экономикасына кері әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Егер мұнай бағасы әлемдік экономиканың өсуі мен сұраныстың артуына байланысты қымбаттаса, бұл – табиғи әрі оң үрдіс. Ал баға санкциялық қысым, жасанды тапшылық немесе жеткізілімнің шектелуі салдарынан өссе, оның салдары мүлде бөлек болады”, – дейді ол.

Сарапшының сөзінше, қазіргі жағдайдағы мұнай бағасының күрт өсуі қысқа мерзімде мемлекеттік бюджетке белгілі бір деңгейде пайда әкелуі мүмкін.

“Қазіргі өсім бюджетке уақытша тиімді болуы мүмкін. Бірақ ұзақ мерзімде бұл жалпы экономикаға кері әсер етеді. Себебі мұндай қымбаттау әлемдік инфляцияны күшейтіп, экономикалық баяулауға алып келуі мүмкін”, – деп түйіндеді сарапшы.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove