Еңбек министрлігі бала күтіміне арналған төлемдердің кешігу себебін түсіндірді

Көркем Алдабергенова 14 апр. 2026 13:24

Қазақстандық аналар бала күтіміне байланысты төлемдер кешіккенін жарыса жазды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Аналар Threads желісінде төлем кешігіп жатқанын жазды. Төлемді бірі алса, біріне әлі түспеген. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл кідіріс қаржы тапшылығынан емес, демалыс күндеріндегі банктік операциялардың ерекшеліктерімен байланысты екенін мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, 10 сәуір, жұма күні аударылған қаражат «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының шоттарына тек 13 сәуір, дүйсенбіде түскен. Соған сәйкес, алушылардың банк карталарына қаражатты кезең-кезеңімен аудару процесі сол кезде басталған.

Министрлік барлық төлемдер толық көлемде қаржыландырылғанын және ешқандай қарыз жоқ екенін атап өтті. Қазіргі таңда техникалық кідірістер реттеліп жатыр, ал қаражат жақын уақытта барлық алушыларға толық жеткізіледі.

Еске салайық, Қазақстанда бала күтіміне арналған мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер ай сайын тұрақты түрде төленеді. Әдетте олар айдың алғашқы онкүндігінде аударылады, бірақ мереке немесе демалыс күндеріне сәйкес келген жағдайда төлем мерзімі өзгеруі мүмкін.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove