Ұлттық Банк инфляция бойынша 2025-2027 жылдарға арналған болжамды жариялады

Кәмшат Тілеухан 20 нау. 2025 11:59 1774

ҚР Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты туралы кезекті тоқсан сайынғы есебі жарияланды. Құжатта жылдық базалық мөлшерлемені 16,50%-ға дейін көтеру туралы шешімнің қабылдануына негіз болған жаңа болжам нәтижелері ұсынылады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Инфляция тағы үдей түседі

Инфляцияның 2025 жылға арналған болжамы өсу тұрғысында қайта қаралды. Жыл соңында инфляция 10-12%-ды құрайды деп күтіледі. Бұл өсім ішкі және сыртқы факторлардың жиынтық әсеріне байланысты екені нақтыланады.

Негізгі сыртқы факторлардың ішінде:

  • Әлемдік азық-түлік нарықтарындағы баға өсімі (орта есеппен жылына 7,3%);
  • Ресей тарапынан инфляциялық қысымның күшеюі, ондағы инфляция 6,8% деңгейінде күтіледі.

Ішкі факторлардың ішінде мыналарды атап өткен жөн:

  • тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің (ЖКУ) тарифтері орта есеппен 15-20-%-ға өсуі;
  • қайта өңдеу өнеркәсібіндегі өндірістік шығындардың 10-12%-ға өсуі; импортталатын тауарлар мен жанар-жағармай материалдарының (ЖЖМ) 12-18% аралығында қымбаттауы.
  • Жанар-жағармай бағасының өсімі, әсіресе маңызды әсерге ие, өйткені бұл көлік және өндіріс шығындарын арттырып, тауарлар мен қызметтердің кең ауқымына қымбаттау тұрғысында әсер етеді.

Экономист Ғалымжан Айтқазин бұл үрдістер макроэкономикалық тұрақтылыққа қатысты қосымша тәуекелдер туғызатынын айтады.

"Ақша-несие саясаты жөніндегі комитет мүшелерінен күтілетін мөлшерлеме траекториясы екінші рет жарияланып отыр, онда қарастырылып отырған баға траекториясы алдыңғы болжамдармен салыстырғанда барлығында өскен. Яғни, бағалаулар, әсіресе 2025-2026 жылдарға арналғаны айтарлықтай нашарлағанын көруге болады", - дейді экономист Ғалымжан Айтқазин

2026-2027 жылдардағы инфляция динамикасы

2026-2027 жылдарға қарай инфляция төмендей бастайды, бірақ баяулау қарқыны бұрын күткеннен бәсең жүреді. Осы кезеңдегі инфляция өсімінің негізгі факторларына мыналар жатады:

  • ҚҚС мөлшерлемесінің 2026 жылы 16%-ға дейін көтеру, бұл бағаларды орта есеппен 1,5-2 базалық тармаққа ұлғайтады;
  • Тұрғын-үй комунальдық қызметтер тарифтерінің одан әрі өсімі (жылына орта есеппен 10-15%-ға дейін);
  • жанар-жағармай бағасының өсімі, бұл көлік тасымалы шығындарының 8-10%-ға өсуіне әкеледі.

ҚР Ұлттық Банкі жариялаған баяндамада ҚҚС мөлшерлемесі көтерілген кезде орталық банктер, әдетте, тікелей әсерлерге жауап бермейді, бірақ инфляциялық күтулер, жалақының өсуі және бағаның ұзақ мерзімді серпіні арқылы жанама әсерлерді ескереді. Бұл, әсіресе инфляциялық күтулер тұрақсыз болып табылатын Қазақстан үшін өзекті.

Алдағы ҚҚС өсімі тұтыныстың алдын ала артуына және инфляциялық күтулердің күшеюіне әкелуі мүмкін. Дегенмен, ҚР Ұлттық Банк жүргізетін қалыпты қатаң ақша-кредит саясаты инфляцияны тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Базалық инфляция (уақытша факторлардан тазартылған) 2027 жылдың ортасына қарай 5% - ға дейін баяулайды деп болжануда.

Инфляцияның болжамды деңгейі:

  •  2025 жыл: 10-12%;
  • 2026 жыл: 9-11%;
  •  2027 жыл: 5,5-7,5%.

Инфляцияның экономикалық өсімге әсері

2025 жылы ЖІӨ өсімі 4,2-5,2% деңгейінде қалыптасады деп болжанады, бұған өз қалпын сақтайтын ішкі сұраныс, фискалдық ынталандыру және тұтынушылық несиелендіру ықпал етеді.  Өсімнің негізгі драйверлері:

  • ТШО-дағы кеңейту жобаларының іске асырудың арқасында мұнай өндірісін ұлғайту, бұл сектордың 6-8% өсімін қамтамасыз етеді;
  •  бөлшек сауда айналымының 9,8 %- ға ұлғаюы, оған тұрақты ішкі сұраныс қолдау көрсетеді;
  • 2025 жылы 3-5% - ға өсетін экспорттық қолдау.

Алайда, 2026 жылы фискалдық шоғырландыру және салық реформасы аясында экономиканың өсу қарқыны баяулайды деп күтіледі.

 2026-2027 жылдарға арналған ЖІӨ болжамы:

  •  2026 жыл: 4,2-5,2%;
  • 2027 жыл: 3,5-4,5%.

Бұл ретте 2024 жылы ҚР-дағы фискалдық саясат ынталандырушы сипатқа ие болғанын, бұл экономиканың қызып кетуіне ықпал еткенін дұрыс түсіне білген жөн.

 "Ұлттық Банк әртүрлі көрсеткіштерде инфрақұрылымдық жобаларға бюджет ақшасын бөлу, жеке тұлғаларға трансферттер беру есебінен экономикадағы ішкі сұраныстың айтарлықтай қалпына келуін және күрт өсімі болғанын көрсетті, бірақ одан да маңызды фактор тұтынушылық несиелеуді кеңейе түсуі болды", - дейді Ғалымжан Айтқазин.

2026 жылы экономиканың өсу қарқынының төмендеуі белсенді фискалдық ынталандыру кезеңінің аяқталуымен және мұнай өндірісі өсімінің тұрақтануымен түсіндіріледі. 2027 жылы өсу қарқынының одан әрі баяулауы, экономиканың әлеуетті даму деңгейіне жақындауы және инфляциялық қысымның төмендеуі күтіледі. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар