Ұлы бастаманы қолдаушылар көп

Dalanews 20 қар. 2017 14:08 1071

Қазақ тілі  әліпбиін латын графикасына көшіру  бойынша өңірімізде  түсіндірме жұмысын жүргізіп келетін «Жаңа әліпби жаңа дәуір бастауы» атты ақпараттыұ жұмыс тобы мүшелері Іле мен Балқша аудандарының халқымен жүздесіп қайтты.

Бүгінге  дейін облысымыздың 14 ауданы мен 2 қаласында жаңа әліпбиге ауысу  бойынша түсіндірме жүмысын жүргізген топ мүшелері қараша айының 14 күні  Іле ауданына қарасты Өтеген батыр, Боралдай, Түймебаев, Қарой   ауылдарында , ал  15 күні Балқаш ауданынан шалғай жатқан Көктал, Ақжар, Топар, Бақбақты елдімекендері мен аудан орталығы Бақанаста халықпен басқосу өткізді.

ІЛЕ АУДАНЫ. Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен алқалы жиында Алматы облысының  тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Башбаев жаңа әліпбиге көшудің маңызын түсіндірді.

– Мемлекетіміздің одан әрі дамып, көркейіп, гүлденуі үшін қолға алынған  маңызды бастамалардың бірі –латын әліпбиіне көшу. Қашанда кемеңгерлігімен ерекшеленген Елбасы «2025 жылға   қарай ісқағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз. Ол кезең де таяп қалды, сондықтан біз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бастан  қолға алуымыз керек. Біз осынау ауқымды жұмысты бастауға қажетті  дайындық жұмыстарына қазірден кірісеміз», –деп мәлімдеді. Расында, бұл заман талабына сай айтылған орынды ой. Латын әліпбиі – тәуелсіздік тұғырын нығайтуға және халықтың біртұтсатығы орнығуға мүмкіндік беретін тамаша құрал – деген топ жетекшісі Айдар Карбозұлы жаңа әліпбиге көшудің басты ерекшеліктерін екшеп айтып берді. Өз сөзінде ол  жазу – әрбір xалықтың руxани, мәдени өсуін, даму деңгейін көрсететін әлеуметтік маңызы зор құбылыс екендігін, ол өткенді, бүгінді және келешекті жалғастыратын алтын көпір деді.

Басқосуда   топтың белді мүшесі І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-дің оқытушысы, профессор Шара Қияxметова латын графикасына көшудің маңызы туралы баян етті. Оның айтуынша, қазақ ұлттық әліпбиі елдің санасын жаңғыртатын, әлемдік кеңістіктегі ауқымды ақыл-ой қазынасына жол ашатын, ойлау жүйеміз бен төлтума руxани қасиеттерімізді айшықтайтын, қазақ тіліне реформа жасауға мүмкіндік беретін, тілдік төл заңдылықтарымыз бен емле-ережелерімізді толыққанды қамтамыз ететін ұлттық жоба. Өз сөзінде профессор Шара Әсетқызы жаңа әліпбиге көшудің бірнеше принципін де тілге тиек етті.

Алқалы жиында  ақын, облыстық "Жетісу" газетінің тілшісі Қажет Андас та өз ойымен бөлісті.
– Елбасы революциялық емес, эволюциялық жолмен күрделі мәселелерді шешіп берді. Соның бірі – латын әліпбиі. Латын әліпбиіне көшу – қазақ әліпбиіне реформа жасау –деді ол . Сондай-ақ, латын графикасын үйренудің аса қиындық туғызбайтындығын, әлем қабылдап отырған әліпбидің жаттығы да байқалмайтынын айтты. Латын графикасына көшудің басты ерекшеліктеріне тоқталған Қажет Андас өз кезегінде көпшілік қойған сауалдарға да жауап берді.



– Латын әліпбиіне көшу – қазақ xалқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. 
Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы кірме сөздерден арыламыз. Ендеше, латын әліпбиіне көшу біз үшін де, болашақ үшін де әлдеқайда маңызды
– Іле ауданына қарасты Түймебаев ауылының №20 орта мектепте өңір xалқымен болған басқосуда «Жаңа әліпби жаңа дәуір бастауы» атты ақпараттық топтың белді мүшелері осылай деді.

Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру бойынша өткізілген жиында топ мүшелері  кең көлемде түсініктеме беріп өтті. Профессор Шара Әсетқызы латын әліпбиіне көшудің тиімді тұстарын тілге тиек етіп, бірнеше факторды да атап өтті.

Бұл күні топ мүшелері  Боралдай және Қарой ауылдарында  да болып, елдімекен тұрғындарымен жүздесіп, түсіндірме жұмысын  жүргізді.

БАЛҚАШ АУДАНЫ. Жұртшылықпен жүздескен жұмыс тобы сәрсенбінің сәтті күні Балқаш ауданына шалғай жатқан – Көктал, Ақжар, Топар, Бақбақты  елдімекендерінде  болды.
Көкталдықтармен өткізілген ауылдық  Мәдениет үйіндегі  басқосуда да облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы Айдар Башбаев латын қарпіне көшу уақыт талабы екенін, ендеше заман көшіне ілесу үшін қазақ ұлысының жаңа кеңістікке ашылған жолы екенін айтып, сапардың мәні мен мағынасын атап өтті.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының түпқазығы – қазақ жазуының латын қарпіндегі нұсқасына көшуі. Себебі, халқымызда «қыран құстың биікке самғап ұшуы үшін оған уақыт пен бап керек» деген даналық бар. Ал Елбасы елімізде жүргізілген экономикалық, саяси реформалардан кейін адамның санасын жаңғыртуына, рухани баюына ықпал ететін латын әліпбиіне көшуді ұсынып отыр. Жаңа әліпби, біріншіден, бүкіл түркітілдес мемлекеттердің басын біріктіруге ықпал етуі тиіс. Ең бастысы, жаңа әліпбидің қабылдануы – қаншама жылдар бойы санаға сіңіп қалған отарсызданудың бір жолы. Кез келген адам сананы жаңғыртқан кезде өзінен бастау керек деп ойлаймыз, – деген Айдар Карбозұлы  бүкіл қауымның әліпби жөнінде жұмыла жұмысқа кіріскені жөн екендігін де тілге тиек етті.

Жиын  барсында  І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-дің оқытушысы, профессор Шара Қияxметова «Латын әліпбиінің маңызы және ерекшеліктері»  туралы баян етті.

Көкталдықтармен кездесуде   ақын, облыстық  «Жетісу» газетінің тілшісі Қажет Андас та  латын графикасына көшуге қатысты орамды ойларымен бөлісті.

Осы күні облыстық тіл басқармасының ұйымдастыруымен іссапарға шыққан мамандар екі топқа бөлініп, бірнеше ауылды қамтып үлгерді. Топ мүшелері Ақжар, Топар,  Бақбақты елдімекендері мен аудан орталығы Бақанаста да болып, елмен жүздесті.

Айта кетейік, үстіміздегі жылғы 12 қазан мен 15 қараша аралығында «Жаңа әліпби  жаңа дәуір бастауы» атты облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері өңіріміздегі 16 аудан мен 2 қалаға (Текелі, Қапшағай) қарайтын 63 ауылда (олардың арасында шалғай жатқан ауылдар да қамтылды) xалықпен жүздесулер өткізіп, тұрғындардың ұсыныстарын тыңдап, олардың көптеген сауалына жауап берді.

Бір айдан астам уақытқа созылған жұмыс барысында көз жеткізгеніміз  елдімекен  тұрғындарының  басым көпшілігі тәуелсіз Қазақстан тариxындағы Елбасымыздың ұлы бастамасын қолдауда.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар