Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Синьхуа агенттігіне берген сұхбаты жария болды. Dalanews.kz тілшісі сұхбаттың қысқаша нұсқасын ұсынады.
Президент Қазақстан Қытаймен тығыз әріптестікті жоғары бағалайтынын атап өткен.
"Біздің қарым-қатынасымыз берік достық, ортақ тарих пен тату көршілікке негізделген. 2022 жылдың қыркүйегінде досым, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин мырзамен Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында біз екіжақты ынтымақтастықтың жаңа "алтын 30 жылдығын" бастадық.
Қытай басшысының пандемиядан кейінгі алғашқы шетелдік сапарының Астанада болғаны қуантады. Бұл Бейжіңнің сыртқы саясатындағы Қазақстанмен қарым-қатынастың басымдылығын тағы да растайды", дейді президент.
Сонымен қатар, президент Қытаймен не байланыстыратынын айтты.
"Осы жылдар ішінде арамызда қалыптасқан шынайы достық және сенімді қарым-қатынастар жаңа ұлы мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етеді.Құрметті Төраға Си Цзиньпинмен кездесулерімізді жылы еске аламын. Ашық және сенімді атмосферада біз өзекті мәселелер мен мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестігімізді нығайту перспективаларын талқылап, әлемдегі жағдай туралы пікір алмасамыз.
Расында кейде әңгіме барысында қытай тілінде сөйлеймін, себебі әріптесіме ерекше маңызды ойларды мүмкіндігінше дәл жеткізу үшін, күнделікті өмірдегі қызықты тақырыптарды талқылағым келеді.Студенттік өмірдегі ең жарқын естеліктер мен дипломатиялық мансабымның басталуы Қытаймен байланысты. Жалпы Қытайда 8 жыл тұрдым. Осы уақыт ішінде мен Қытай мәдениетін, тарихын, тілі мен әдет-ғұрпын зерттеуге терең бойлап, қытай тағамдарының байлығы мен алуан түрлілігін білдім", дейді президент.
Сұхбат барысында президент екі ел арасындағы өзара тиімді практикалық ынтымақтастық туралы ойын айтты. Ол Қазақстан мен Қытай алдағы уақытта қандай салалардағы ынтымақтастықты дамытуы мүмкін екенін айтты.
"32 жылдық табысты екіжақты ынтымақтастықтың қуатты негізін қалағанымызды ескере отырып, Қазақстан тату көршілік қарым-қатынастарды одан әрі нығайту, алмасуларды жандандыру және практикалық өзара іс-қимылды тереңдету үшін бар күш-жігерін салуға дайын. Сондықтан осы кезеңде бес бағыт бойынша бірлесіп жұмыс істеу өте маңызды.
Инвестициялық саладағы ынтымақтастықты тереңдету. Ауыл шаруашылығы, жаңа энергетика, автомобиль өнеркәсібі сияқты салаларға ерекше назар аудару керек. Сондай-ақ индустрияландыру мен қосылған құны жоғары өнім өндіруге ден қою қажет.
(...)
Екі ел арасындағы көлік ынтымақтастығын кеңейту. Бүгінде Достық-Мойынты теміржол учаскесінде екінші жолдардың құрылысы жалғасуда. Сонымен қатар, ортақ шекарамызда 3-ші теміржол бекетінің құрылысы басталады деп жоспарлануда.
Мәдени-гуманитарлық салада көп қырлы өзара іс-қимылды жандандыру. Біз орнатқан визасыз тәжірибе, мәдени орталықтардың, Лу Бань шеберханаларының, университеттердің филиалдарының өзара ашылуы, сондай-ақ рейстерді көбейту бойынша тұрақты жұмыс біздің елдеріміз арасындағы өзара түсіністік пен достықты одан әрі нығайту жолындағы маңызды қадамдар болатынына сенімдімін.
Біздің елдеріміз Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастың жаңа «алтын 30 жылдығы» аясында бізді жарқын болашақ жолында біріктіретін үлкен жетістіктер мен жеңістердің бастауында деп сеніммен айтуға болады", дейді президент.
Еске салайық,2-4 шілде күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады.