Қазақстан экономикасында тұтынушылық белсенділік артқанымен, алайда инфляциялық үдерістер мен табыстар, әсіресе өңірлер арасындағы айырмашылық үлкен көрініске ие екені байқалады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылдың IV тоқсанында есепті кезеңде халықтың ақшалай шығыстары жан басына шаққанда орта есеппен 309 257 теңгені құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 11,6%-ға жоғары.
Қазақстандықтардың шығыстарының негізгі бөлігі жалпы шығын көлемінің 50,1%-ын қамтитын азық-түлік тауарлары құрайды. Азық–түлікке жатпайтын тауарларға жұмсалған шығын 23,2%, ал ақылы қызметтерге -18,4%.
Халықтың ақшалай табыстарының жан басына шаққанда орта есеппен 342 896 теңгені құрады, бұл өткен жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 12,1%-ға жоғары.
Тұтынуға пайдаланылған табыстар орташа жан басына шаққанда 2024 жылғы IV тоқсан бойынша 313 742 теңгені құрады, бұл өткен жылдың тиісті тоқсанына қарағанда 11,2%-ға жоғары.
Өңірлік аспектіні қарастыра отырып, Астана қаласында (446 045 теңге) ең жоғары өсімі болғанын атап көрсетуге болады. Тұтынуға пайдаланған табыстардың ең төменгі деңгейдегі өңірлер қатарына Түркістан облысы (200 679 теңге) және Шымкент қаласы (228 450 теңге) жатады. Осы өңірдегі табыстар деңгейі орташа республикалық деңгейден 0,7%-ға төмен.
Халықтың ақшалай шығыны
Тұтыну шығындары бүкіл ел бойынша орташа есеппен барлық ақшалай шығындардың 91,7% құрайды. Өңірлік бөліністе бұл көрсеткіш былай сипатталады:
- Ұлытау облысында 82,0%-дан басталып Маңғыстау облысында 99,3%-ға дейін өзгереді.
Әрі қарай шығындар келесідей бөлінеді:
- туыстары мен таныстарына материалдық көмек, алимент: 2,0%,
- салықтар, төлемдер және басқа төлем түрлері: 0,1%,
- несие мен қарызды өтеу: 6,2%.
Айта кетсек, 2025 жылдың ақпан айында Қазақстанда жылдық инфляция үдеп, 9,4% болды (қаңтарда – 8,9%). Жылдық инфляция 15 өңірде жеделдеді, ал үш өңірде, керісінше баяулап, екі өңірде өзгеріссіз қалды.