Сарапшылар: Қазақстанның ЖІӨ өсімі астарында үлкен қауіптер жасырулы жатыр

Кәмшат Тілеухан 18 қаз. 2024 10:10 1797

Сарапшылар 2024 жылдың алғашқы жартысында Қазақстан экономикасы 3,2% өсімді көрсетіп, өндіру әдісі бойынша ЖІӨ 52,34 триллион теңгені құрағанын айтады,деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алайда, economy.kz сарапшылары, мұқият зерттей келгенде бұл өсім астарында үлкен қауіптерді жасырулы жатқанын байқауға болатынын, ал ол өз кезегінде экономистер арасында алаңдаушылық тудыратынын айтады.

Өңірлер арасындағы өсімнің теңсіздігі

Соңғы пайдалану әдісімен алынған ЖІӨ туралы деректер бойынша оның көлемі 50,97 триллион теңгені құрады, ал екі есептеу әдісі арасындағы статистикалық айырма 1,37 триллион теңге немесе ЖІӨ-нің 2,6% құрайды, бұл статистикалық есептердегі мәселелер немесе экономикалық процестердің ашық еместігін байқатуы мүмкін. Сарапшылар бұл айырмашылық қосымша талдауды қажет ететінін, өйткені ол экономикадағы маңызды құрылымдық теңгерімсіздікті айқындауы ықтимал екенін айтады.

Ішкі тұтынысқа деген тәуелділік

"Өсімнің негізгі драйвері — тұтыну шығындары, ол ЖІӨ-нің 61,6%-ын құрайды. Тұрмыстық шығындардың 5,6% өсімі экономикалық өсімнің ішкі тұтынушылық сұранысқа тәуелді екенін көрсетеді. Мұндай өсу моделі сыртқы экономикалық соққылар мен ішкі экономикалық ауытқулар кезеңінде осал болып табылады", делінген сарапшылар талдауында.

Инвестициялық белсенділік және экспорт

Негізгі капиталды жалпы жинағының 0,4%-ға төмендеуі инвестициялық белсенділіктің баяулауынан хабар береді, бұл ұзақ мерзімді экономикалық өсім үшін проблемалар туғызуы мүмкін. Таза экспорт ЖІӨ-нің тек 10%-ын құрайды, ал тауарлар мен қызметтер экспортының 1,2%-ға өсуі және импорттың 3,4%-ға төмендеуі экономиканың глобалдық масштабта мүмкіндіктері шектеулі екенін және ішкі нарыққа деген жоғары тәуелділігін көрсетеді.

"Қазақстанның ЖІӨ-нің қазіргі өсімі бір қарағанда үміт туғызатынтай болғанымен, мұқият зерделей келсек, бірқатар әлеуетті қауіптерді айқындап, болашақтағы экономикалық дамудың тұрақтылығына қатысты алаңдаушылық туғызады. Бұл деректер мемлекеттік органдар тарапынан ерекше назар аударуды талап етеді және тепе-теңдік пен тұрақты өсімді қамтамасыз ету үшін экономикалық саясатты реттеуді де қажет етуі мүмкін", делінген сарапшылар талдауында.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар