Руслан Желдібайдың орнына кім тағайындалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін Айбек Смадияров Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
Айбек Смадияров 1983 жылы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін бітірген.
Айта кетейік, ол ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы - ресми өкілі де болды.
Еске салайық, бұған дейін саясаттанушы Толғанай Үмбетәлиева Айбек Смадияровтың жаңа қызметіне баға берді.
