Айбек Смадияров Президент әкімшілігіне қызметке барды

Айбек Смадияров Президент әкімшілігіне қызметке барды
gov.kz

Айбек Смадияров Президент әкімшілігіне қызметке барды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Айбек Смадияров 1983 жылы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін бітірген.

Айта кетейік, бұған дейін ол ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы - ресми өкілі болды.