Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттарды тарату мәселесін көтерді

Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттарды тарату мәселесін көтерді
zakon.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы саяси өзгерістердің қорытынды кезеңі ретінде барлық деңгейдегі мәслихаттарға сайлау өткізілетінін айтты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, қолданыстағы мәслихат депутаттары Конституция мен заңдарда көзделген негіздер бойынша өкілеттігі тоқтатылғанға дейін жұмысын жалғастыра береді. 

Тоқаев қазіргі мәслихат депутаттарының басым бөлігі «Amanat» партиясынан сайланғанын атап өтті. Оның айтуынша, партия «Әділет» партиясына қосылғаннан кейін дербес қызметін тоқтатқан. Осыған байланысты тиісті заңды рәсімдер аяқталған соң мәслихат депутаттары корпусының басым бөлігінің легитимдігі мәселесі туындауы мүмкін.

Президент мәслихаттардың азаматтардың жергілікті жердегі мүддесін білдіру, бюджеттерді бекіту және өңірлердің дамуын бақылау функцияларын толыққанды атқаруы маңызды екенін айтты.

Мемлекет басшысы жақын уақытта Премьер-министрмен және Құрылтай төрағасымен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі бойынша консультация өткізетінін мәлімдеді. Осы талқылаулардың қорытындысы бойынша тиісті жарлыққа қол қоятынын айтты.

Одан кейін алдағы сайлаудың нақты күнін Орталық сайлау комиссиясы белгілеуі тиіс.

Президенттің пікірінше, бұл қадам мәслихаттардың білікті әрі кәсіби құрамын қалыптастыруға жол ашып, олардың жұмысына жаңа серпін береді.