Ақтау гарнизонындағы қайғылы оқиға: прокуратура қылмыстық іс қозғады

Ақтау гарнизонындағы қайғылы оқиға: прокуратура қылмыстық іс қозғады
pixabay.com

Ақтау гарнизонында оқу-жаттығу барысында әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, оқиғаның мән-жайларын анықтау үшін жедел-тергеу тобы құрылды.

Қазіргі уақытта оқиға орнында Ішкі істер министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және прокуратура органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Сондай-ақ сот сараптамалары тағайындалған.

Тергеу барысы ерекше бақылауға алынған.

Бұған дейін Қорғаныс министрлігі Маңғыстау облысында Қарулы күштердің Әскери-теңіз күштері оқу-жаттығуы кезінде ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюі салдарынан 19 әскери қызметшіні теңізге алып кеткенін хабарлаған. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың тоғызы қаза тапқан, үшеуі құтқарылған.