Тарихи маусым өз мәресіне жетті. "Қайрат"-"Арсенал" матчі алаң иелерінің пайдасына аяқталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
2025/26 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында Лондондағы "Эмирейтс" стадионында өткен "Арсенал" – "Қайрат" ойыны 3:2 есебімен алаң қожайындардың пайдасына аяқталды.
Айта кетейік, бұл - алматылық "Қайрат" үшін УЕФА Чемпиондар лигасындағы дебюттік маусымның соңғы ойыны.
Еске салайық, бұған дейін УЕФА Чемпиондар лигасының жетінші турында алматылық "Қайрат" өз алаңында бельгиялық "Брюгге" командасына есе жіберді.
