“Қайрат” клубы “Брюгге” клубына есе жіберді

Қаракөз Амантай 21 қаң. 2026 09:06

UEFA Чемпиондар лигасының жетінші турында алматылық “Қайрат” өз алаңында бельгиялық “Брюгге” командасына есе жіберді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Матч Алматыдағы “Орталық” стадионда өтті. Ойынға литвалық төреші Донатас Румшас қазылық етті.

Матчтың 32-минутында қонақтар сапынан шабуылшы Александар Станкович есеп ашты. Ал 38-минутта жартылай қорғаушы Ханс Ванакен “Брюггенің” басымдығын еселей түсті.

75-минутта Ромео Верман үшінші голды соқса, 84-минутта Брандон Мехеле есепті 4:0-ге жеткізді.  Екінші таймға қосылған уақытта “Қайрат” сапынан Әділет Садықбеков бір голмен жауап қайтарды.

Жеті тур қорытындысы бойынша “Қайрат” бар болғаны 1 ұпай жинап, турнир кестесінде 36-орында тұр. Ал “Брюгге” 7 ұпаймен 23-орынға жайғасты.

Чемпиондар лигасының осы маусымдағы финалы 2026 жылв 30 мамырда Будапешттегі “Пушкаш Арена” стадионында өтеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove